Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақта ақау шықты

Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақта ақау шықты
pixabay.com

Бакуден (Әзербайжан) Ақтауға шыққан ұшақтан ақау шықты. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған.

"Қону штаттық режимде өтті, қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы тірегінде (Баку-Ақтау бағыты) проблема туындады", – деп хабарлады ведомство.

Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды.

Әуежай ашық және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деді Көлік министрлігі. Мәселе Gulfstream жеке ұшағына қатысты болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу