"Балалар арбасына, самокатқа 110 мың теңге айыппұл!" Көпқабатты үй кіреберісіне зат қойғандарға айыппұл салынады

24.07.2025 09:44
0
431
Сурет: krasrab.ru

Көпқабатты үйлердің кіреберісіне жеке заттарды қоюға айыппұл салынады

Көпқабатты үйлердің кіреберісіне балалар арбасы, самокат сияқты жеке заттарын қойып қоятын қазақстандықтарға 110 760 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабында осындай әкімшілік жаза көзделген.

«Кіреберісте өрт немесе түтін шыққан жағдайда әрбір секунд маңызды. Егер эвакуация жолын жиһаздар, жәшіктер, тіпті гүл құмыралары жауып тұрса, бұл біреудің өмірін қиюы мүмкін. Әсіресе үйде балалар, қарттар немесе жүріп-тұруы қиын адамдар тұратын болса, өте қауіпті», - деп түсіндіреді Ақтау қаласы полиция басқармасы қызметкерлері.

Мұндай заңбұзушылық үшін 73 920 теңгеден 110 760 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Заңды қайта бұзған жағдайда айыппұл көлемі де арта түседі.

Дереккөз: ZTB

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий