Баласына арақ беріп өлтірген ана сот алдында жауап береді
Ресейдің Ставрополь өлкесінде өз сәбиінің өліміне себеп болды деген күдікке ілінген әйелдің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, әйел нәрестесіне бірнеше рет алкоголь берген. Ол мұны баланы жұқпалы аурулардан қорғау және тыныштандырып, жылауын басу мақсатында жасағанын айтқан.
Алайда спирттік ішімдікті тұрақты түрде қолданудың салдарынан сәби этил спиртінен ауыр уланып, көз жұмған.
Оқиғаға байланысты әйелге абайсызда адам өліміне әкеп соқтырды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталып, іс Нефтекум аудандық сотының қарауына жіберілді.
Егер сот әйелдің кінәсін дәлелденді деп таныса, оған екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...