БАҚ: Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы жараланып, Мәскеуге жеткізілген болуы мүмкін

16.03.2026 09:11 Мөлдір Талғат
БАҚ: Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы жараланып, Мәскеуге жеткізілген болуы мүмкін
322
Фото: Tasnim News Agency

Кувейттің Al Jarida газеті Иранның жаңа тағайындалған Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жараланып, ем алу үшін Мәскеуге жеткізілгенін жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Басылымның жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасауынша, Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының алғашқы күндерінде жарақат алған. Осыдан кейін ол құпия рейспен Ресей астанасына жеткізілген болуы мүмкін.

Ақпаратқа сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескен кезде Моджтаба Хаменеиді Мәскеуге емделуге жіберуді өзі ұсынған.

Жарияланған мәліметтерде Мәскеуде Хаменеиге операция жасалып, оның қазіргі уақытта Путин резиденцияларының біріне қарасты медициналық мекемеде ем алып жатқаны айтылған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігі Моджтаба Хаменеи жарақат алғанын растағанымен, саясаткердің жағдайы тұрақты екенін және алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий