«Бәріміз дұғадамыз!»: Бақытжан Базарбек әсерлі жазба жариялады

19.08.2026 20:49 Қарақат АСЫЛОВА
«Бәріміз дұғадамыз!»: Бақытжан Базарбек әсерлі жазба жариялады
239
Фото: Ашық дереккөз

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасынан кейін комаға түскен Нұржігіттің жағдайына қатысты экс-депутат Бақытжан Базарбек жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Базарбектің айтуынша, Нұржігіттің комада жатқанына төрт күн болған. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы орталық аурухананың дәрігерлерімен бірге түскен суретін жариялап, науқастың өмірі үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Экс-депутат аурухананың бас дәрігері Айман Кенжебекқызы Бекебаеваның, реаниматологтар, травматологтар мен анестезиологтардың Нұржігіттің өмірін сақтап қалу үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ол реанимация бөлімінің меңгерушісі Тимур Найманбаевты, травматология бөлімінің басшысы Валихан Рубиловты және хирургия бөлімінің бас хирургі Бақытжан Рыскельдиевті кәсіби мамандар ретінде атап, дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

«Нұржігіттің аяққа тұрып кетуіне бірден-бір себепші болатын жандардың бірі – осы ақ халатты абзал жандар. Қолдарыңызға дерт бермесін, ақ халатты абзал жандар! Бәріміз дұғамызда!» – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Еске салайық, экс-депутаттын қатысуымен 15 тамызда жол-көлік оқиғасы болған еді. Жолда жаяу жүргіншіні көлік қағып, ол ауыр жарақат алып, комаға түскен еді. Апатқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий