Арыста тағы да жарылыс болды деген ақпарат тарады
1051
Арыста әскери бөлімге қарасты жабық кәдеге жарату полигонында жарылыс болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында №44859 әскери бөлімінің аумағында болған. Қураған шөпті шабу кезінде снаряд қалдығы жарылғаны хабарланды.
Қазіргі таңда тиісті мекеме қызметкерлері оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алған. Алдын ала ақпарат бойынша, ахуал тұрақты.
Оқиғаға қатысты нақты мәлімет алу үшін біздің тілшілер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады.
Қосымша ақпарат ведомствоның жауабынан кейін жарияланады.
Еске салайық, 2019 жылдың маусымында Арыс қаласында әскери қоймада ірі жарылыстар болған еді. Сол кезде тұрғындар жаппай эвакуацияланып, адам шығыны мен зардап шеккендер тіркелген.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...