Динара Сатжан сотта Бағдагүл емшіні тағы да жеңді
927
Танымал тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сатжан мен ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова арасындағы сот дауы тағы да Сатжанның пайдасына шешілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл жолы сот Лепесованы Динара Сатжанды қорлағаны үшін кінәлі деп таныған. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабы 2-бөлігі бойынша қаралған.
Сот шешімінен кейін Динара Сатжан әлеуметтік желідегі парақшасында бұл іс бойынша жеңіске жеткенін хабарлады. Ол жазбасында өзін қорлаған жағдайда мұндай әрекетті нотариус арқылы ресми түрде тіркеп, сотқа жүгінуге кеңес берді.
Алайда Лепесоваға тағайындалған негізгі жаза – 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл рақымшылыққа байланысты қолданылмаған.
Осылайша, тараптар арасындағы дау бойынша соттың кезекті шешімі Динара Сатжанның пайдасына шықты.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...