"Бәрін ырыммен жасадық": Баян Мақсатқызы Алисаны қырқынан шығарды
726
Баян Мақсатқызы Алиса есімді қызын қырқынан шығарды. Айтулы күннің видеосын отандық тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Кеше құрбым Баян Мақсатқызы Алиса қызын қырқынан шығарды. Бұл дәстүр маған ерекше ұнайды. Нәрестенің қарын шашын, сүт тырнағын алып, бәрін ырыммен жасадық. Түрсен әкесі бәрімізге өзінің жомарт жүрегімен сыйлықтар берді. Өмірге сәби келгенде ол қуаныш, ал екі сәби келсе, ол екі есе бақыт", - деп жазды ол.
Видеодан нәрестені қырқынан шығаруға Аша Матай, Айсәуле Бақытбек, Салтанат Байқошқарова мен басқа да қыз-келіншектер қатысқанын байқауға болады.
Ал ырымдар жасалған соң Тұрсын Алагөзов келген қонақтарға сыйлық таратады.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы тамыз айының басында үшінші қызы өмірге келгенін айтып, перзентханадан сурет жүктеген еді. Араға 15 күн салып продюсер төртінші қызы дүние есігін ашқанын айтты.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
23:29
Ақберен Елгезек: Билік адамның жүрегін қарайтады
22.07.2026
23:21
АҚШ-тың Иранмен соғысуға ақшасы жетпей жатыр: П...
22.07.2026
22:30
Қарағандыда зейнеткерге күндізгі уақытта шабуыл...
22.07.2026
22:07
Ерлі-зайыпты балгердің арқасында 926 млн теңге ...
22.07.2026
21:56
Несие жабу үшін сәбиін сатпақ болған ерлі-зайып...
22.07.2026
21:47
"Қаланы жезөкшелерден тазартамыз". Алматыда жын...