Батыс Қазақстанда бірнеше адам үсіп өлді
Батыс Қазақстан облысында үш адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өңірдегі құтқарушылар далада үсіп қалған үш адамның мәйітін тауып алды.
«Олар – Жәнібек ауданының 56 жастағы тұрғыны және Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы тұрғыны. Олардың қайтыс болғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Бүгін түске таман Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды», - деп хабарлады облыстық полиция.
Сондай-ақ Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды, алайда аяғы үсіп қалған. Ол Оралдағы ауруханаға жеткізілді.
Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздеу жалғасып жатыр. Ол 13 желтоқсан сенбіде қарлы боранда қыстаудан мал іздеуге кетіп, қайтып оралмаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
16:34
Науқас баланың әкесі дәрігерлерге шабуыл жасады...
01.11.2026
15:37
Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындары...
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...
01.11.2026
12:33
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шекке...
01.11.2026
11:31
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсала...