Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шеккендердің арасында нәресте де бар

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шеккендердің арасында нәресте де бар
Фото: zakon.kz

Алматыда жол апатынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ауруханаға жеткізілгендердің арасында нәресте де бар.

31 қазан күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты Құлжа тасжолында Toyota Camry және Hyundai Accent көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Алматы облысымен шекаралас аумақта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent көлігінің тізгінінде отырған әйелдің айтуынша, Toyota Camry кенеттен қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соқтығыс салдарынан екі көлік те басқаруға бағынбай, жолдан шығып кеткен.

Toyota Camry жолдың ортасында айналып кетсе, Hyundai Accent жол жиегінен шығып, тротуарға барып тоқтаған. Абырой болғанда, сол сәтте тротуарда жаяу жүргіншілер болмаған. Әйтпесе, оқиғаның салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді.

Апат салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың арасында нәресте де бар. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы нақтыланып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу