«Баян ағамызды бүлдірді»: Тұрсын Алагөзовтің жаңа образы желіні шулатты

«Баян ағамызды бүлдірді»: Тұрсын Алагөзовтің жаңа образы желіні шулатты
Фото: видеодан скрин

Продюсер Баян Алагөзованың жары кәсіпкер Тұрсын Алагөзов желіде жаңа образымен көзге түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа стильдегі ерекше суретін жариялады.

Оның бұл стилі желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Біріне кәсіпкердің бұл образы ұнаса, енді бірі оны сынады. 

«Бұл образ сізді кәрі көрсетеді», «керемет жақсы ағамызды бүлдірді» және «сізге жараспайды» деп жазды желі қолданушылары.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу