Баян Алагөзова 12 жасында пәтер жөндегенін айтты
2304
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова балалық шақтағы естеліктерді еске алып, балалардың жауапкершілігін қалай дамытуға болатыны туралы ой бөлісті, деп хабарлайды politico.kz сайты Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап.
Ол Instagram парақшасында ғалымдардың зерттеулері туралы видеоны бөлісті. Онда балалардың ерте жастан үй шаруасына араласуы олардың болашақта табысты әрі бақытты болуына ықпал ететіні айтылған.
Баян осыған байланысты бірнеше оқиғасын бөлісуді жөн көрген. Біріншісі пәтер жөндеу жұмыстарына қатысты. Оның айтуынша, 12 жасында анасы оларға бояу, қылқалам, тұсқағаз және жөндеу жұмыстарына қажетті заттар сатып алып берген.
«Сіздер не ойлайсыздар? Иә, біз әпкем екеуміз пәтерді жөндеп шықтық. Кешке ата-анамыз жұмыстан келгенде, бірге кешкі ас ішіп, ұйықтауға жататынбыз. Ал таңертең қайтадан жөндеу жұмысына кірісетінбіз. Айта кету керек, біз бәрін тамаша істедік!» — дейді Баян Алагөзова.Ол бұған қоса тағы бір оқиға айтып берді.
«Бірде анам кішкентай шегелер мен әдемі қаптама мата сатып алды. Сосын бізге диван мен орындықтарды қаптауға тапсырма берді. Біз оны да сәтті жасап шықтық, диван тағы он жыл қызмет етті. Ол кезде мен шамамен 14 жаста едім», — деп еске алады продюсер.Қорытындылай келе, Алагөзова анасының балаларды тәрбиелеу құпиясын түсінгенін айтты.
«Анашым, сені қатал деп ойлайтынмын. Сөйтсем, бұл біздің табыстың құпиясы екен. Енді кіші балаларым анамның тәрбиесін аз да болса көретініне сенімдімін, ал үлкендеріме оны қолданбаған едім!» — деді ол.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...