«Бәйтерек» директорлар кеңесінен Роман Скляр шығарылып, Нұрлыбек Нәлібаев сайланды

01.06.2026 14:32 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Бәйтерек» директорлар кеңесінен Роман Скляр шығарылып, Нұрлыбек Нәлібаев сайланды
430
Фото: Ақорда

Бұрынғы вице-премьер, ал қазіргі Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл шешім мамыр айының ортасында қабылданғанымен, тиісті ақпарат 1 маусым күні KASE сайтында жаңадан жарияланды. «Бәйтерек» ұйымының ішкі ережелеріне сәйкес кеңестегі босаған орынға Роман Склярдың орнын басқан жаңа вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев жайғасты.

«"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) жалғыз акционердің 2026 жылдың 15 мамырындағы шешімімен қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

  • шығарылды: Скляр Р.В.;
  • сайланды: Налибаев Н.М.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ Директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады», — делінген құжатта.

Еске сала кетейік, Роман Скляр мамыр айының басында Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Ал оның үкіметтегі қызметіне бұған дейін Қызылорда облысын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев келген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий