Есірткімен ұсталған белгілі әнші көше тазалап жүр

31.03.2026 10:16 Мөлдір Талғат
Есірткімен ұсталған белгілі әнші көше тазалап жүр
718
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев сот шешіміне сәйкес қоғамдық жұмысқа тартылып, көше тазалау жұмыстарын атқарып жүр, деп хабарлайды Politico.kz.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ол Наурыз мерекесінен кейін белгіленген 100 сағаттық қоғамдық жұмысты өтеуді бастаған. Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сот қаулысы Алматы ауданы әкімдігіне жолданып, кейін аудан әкімдігі әншіні қала тазалығына жауапты мердігер ұйым – Damu Life ЖШС-не бекіткен. Компания басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, қазіргі уақытта Омар Амантаев көше тазалаушы ретінде жұмыс істеп жатыр және белгіленген уақыт толық өтеледі.

Аталған ұйым Ақтөбедегі Заречный тұрғын алабына жауапты, мұнда аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолдары мен саябақтар тазаланады.

Еске салсақ, Ақтөбеде Qarakesek есірткіге мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталған болатын. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотта Омар Амантаев өз кінәсін толық мойындаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий