Есірткімен ұсталған танымал рэпер Qarakesek сотталды

19.02.2026 19:33 Арман Ермеков
Есірткімен ұсталған танымал рэпер Qarakesek сотталды
149
Омар Амантаевқа қатысты сот шешімі шықты/ Фото: Әлеуметтік желі

Ақтөбе қаласының №2 сотында Qarakesek лақап атымен танымал рэпер Омар Амантаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Судья Тұрсынхан Салықов әншіні есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындады және нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделуге міндеттеді.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, полицейлер әншіні өткен жылдың 30 тамызында Ақтөбеде Kia Rio көлігін есірткіге еліткен күйде тізгіндеп келе жатқан жерінен ұстаған. Тәртіп сақшылары оны тінту кезінде жеке заттарының арасынан 0,26 грамм мефедрон синтетикалық есірткісін тауып тәркілеген. Медициналық сараптама оның рөлге есірткі тұтынып отырғанын нақты растағандықтан, құқық қорғау органдары бұған дейін әншіні осы құқықбұзушылығы үшін 15 тәулікке қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған болатын.

Айта кетейік, Qarakesek алдыңғы сот отырысына келмей қалғандықтан, судья оны бүгінгі отырысқа күштеп әкелу туралы қаулы шығарған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий