Белгілі журналист Алика Мұхамадиеваны түрмеге қамауға қарсы шықты

Журналист Әсем Ғұмарова сотталушы Алика Мұхамадиеваға араша түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Астана. 16 қазан. Ұлтаралық және діни араздықты қоздырды деп айыпталған қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты шулы іске белгілі журналист Әсем Ғұмарова үн қатты. Ол әлеуметтік желідегі жазба үшін адамды түрмеге қамау қауіпті үрдіске жол ашатынын айтып, дабыл қақты.
«Мен қазақпын, мұсылманмын және Аликты түрмеге қамайтынына қарсымын. Ол жаман нәрсе жазды. Түзету жұмысы, айыппұл немесе бостандықты шектеу — жарайды. Бірақ түрме — жоқ. Сол сияқты, жүкті Жансұлуға шыққан қатал үкім мені де ашуландырады. Әлеуметтік желідегі жазба үшін ешкімді колонияға қамауға болмайды. Осылайша овертон терезесі ашылады. Бүгін сіз Тредс-тағы қарсыласыңызды жапқанына қуанып отырсыз, ал ертең бұл әдетке айналғанда, өзіңізге де келеді», – деп жазды Ғұмарова.
Еске сала кетейік, Алика Мұхамадиева Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары үшін 2025 жылдың шілде айында қамауға алынған болатын. 14 қазанда өткен алғашқы сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Сот залында жылаған ол барлығын түсінгенін бірнеше рет қайталады. Оның адвокатының айтуынша, Мухамадиеваның екі жасар баласы бар, сол себепті қорғаушы тарап соттан жазаны жеңілдетуді сұрап отыр.
Соңғы жаңалықтар





