«Әйел 6-9 бала босану керек»: Салтанат Байқошқарова әйелдер ауруының көбею себебін түсіндірді

«Әйел 6-9 бала босану керек»: Салтанат Байқошқарова әйелдер ауруының көбею себебін түсіндірді
Фото: видеодан скриншот

Әйел ағзасы табиғатынан көп бала дүниеге әкелуге бейімделген. Бұл туралы белгілі эмбриолог-дәрігер Салтанат Байқошқарова журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Маманның айтуынша, қазіргі кезде әйелдер арасында эндометриоз және миома секілді сырқаттар тым жиілеп кеткен.

«Негізінен әйелдің ағзасы 6–9 бала табуға бейімделген екен. Біздің заманда ондай болмады. Қазіргі заманда эндометриоз, миома арулары көп. Оны іскер әйелдердің ауруы деп те атайды. Бұрынғы кезде жатыр эрозиясы деген ғана болатын, қазір жағдай мүлдем басқа. Эндометриоз бен миома — күйзеліс пен баланы аз туудың салдарынан пайда болып отырған ауру», — деді ол.

Осылайша маман бүгінгі нәзікжандар арасында гинекологиялық дерттердің асқынуына заманауи өмір салты, тұрақты күйзеліс пен ұрпақ санын шектеу тікелей ықпал етіп жатқанын жеткізді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий