«Бес жыл өтті, қайғым қалды»: Біржан Хасанғалиев марқұм әкесін жоқтады
Қазақстандық әнші Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желіде әкесі, көрнекті композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиевті еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі арада бес жыл өтсе де, әкесінің орны ерекше екенін айтып, оқырмандарымен әсерлі өлең жолдарын бөлісті.
«Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мәңгі тіршілік
Мазамды алады…», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына қолдау білдіріп, Ескендір Хасанғалиевтің қазақ музыка өнеріндегі орны айрықша екенін атап өтті. Көпшілік оның шығармалары халық жадында мәңгі сақталатынын айтып, жылы пікірлерін қалдырды.
Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев – қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғалардың бірі. Оның әндері бірнеше буынның жүрегінен орын алып, бүгінгі күнге дейін кеңінен орындалып келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...