«Бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім». Әсел Асқар өмірден өткен сәбиін еске алды
1270
Блогер Әсел Асқар марқұм сәбиін есіне алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Ол 2022 жылы сегіз айлық сәбиінен айырылып қалған еді.
Бүгін сенің жоқ болғаныңа екі жыл. Екі жыл бұрын сенің жүрегің тоқтаған сәтте мен жансақтау бөлімінде жүгіріп жүрдім. Сені ол жерден тезірек алып кету үшін қажетсіз қағаздарды ұстаған мен дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ екенін айту үшін зомби құсап жүрдім. Сол күні қандай ауыр жағдайда болғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осы күні сені кептелісте бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім. Уақыт тоқтап қалғандай еді, – деп жазды актриса.Ол бұл қорқыныштан оянғысы келгенін айтады.
Имам келіп дұға оқыды, мен әзер шыдап тұрдым. Барлығы маған басу айтты... Құдай сені маған не үшін берді? Қайта алу үшін бе? Сыйлықты берген кезде қайта алмайды ғой. Имам келіп, барлығы мені асықтырды. Кеш түспей жер қойнына тапсыруымды айтты. Сені менен күшпен тартып алды. Сенімен бірге бұрынғы мен, Әсел де жоқ. Тек робот бар, – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
27.06.2026
09:27
“Жақ сүйегі мен мұрны сынды”: Сарбазды аяусыз ұ...
26.06.2026
23:16
Каспийде суға батқан 27 жастағы ер адамның дене...
26.06.2026
22:29
Алматылық студент зейнеткер мен әйел адамды 70 ...
26.06.2026
21:20
“Бөксемді қатты қысып ұстады”: Метро ішінде қыз...
26.06.2026
20:31
«Жағдайды ушықтырмаңыздар»: Ербаян Мұхтардың қа...
26.06.2026
19:01
Алматы метросында студенттен автоматқа арналған...