Бетперде таққан жігіт 30 отбасыға бір миллион долларға үй сыйлады
Рамазан айында бетперде таққан азамат 30 отбасыға су жаңа пәтердің кілтін табыстап, қазақстандықтарға ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайырымдылық шарасы аясында қиын жағдайға тап болған отбасылар баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы ата-аналар, мүгедектігі бар жандар және асыраушысынан айырылған отбасылар бар.
Салтанатты рәсім шағын форматта өтті. Бетперде таққан азамат та шараға қатысып, жаңа қоныс иелеріне кілттерді табыстады. Сыйға берілген жылжымайтын мүліктің жалпы құны шамамен бір миллион доллар деп бағаланып отыр.
Жаңа пәтерлер қоныстануға толық дайын. Көптеген отбасы бұған дейін пәтер жалдап немесе туыстарымен бірге тұрып келген. Сондықтан бұл баспана олар үшін тек тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, болашаққа деген сенімді нығайтқан маңызды қадам болды.
«Бұл бастама Рамазан айына орай ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – тек тұрғын үй мәселесін шешу емес, адамдарға үміт, қамқорлық пен қауіпсіздік сезімін сыйлау», – деді қор өкілдері.
Баспаналы болған жандар қуаныштан көз жасына ерік беріп, қайырымды азаматқа алғыстарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар