Бишімбаев ісі бойынша аппеляция қанша уақытқа созылуы мүмкін?
413
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін деген сұраққа жауап берді,-деп хабарлайды politico.kz
Мәжіліс кулуарында журналистер Рахметуллинадан "алқабилер алқасының үкімінен кейін апелляциялық шағым беруге бола ма", деп сұрады."Иә, әрине. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Егер олар (сотталғандар - еск.) келіспесе, әрине, олар шағымдануға құқылы", - деді сот алқасының төрағасы.Рахметуллинаның айтуынша, апелляция бір ай ішінде қаралады.
"Ол ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл апелляциялық органдар қарауға үлгермей жатқан жағдайларда. Мысалы, адвокаттар белгілі бір күндері қатыса алады және т.б. Заң бойынша сотталғандардың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы сот тергеуі қайтадан жүргізілген кезде міндетті болып табылады. Яғни, кейбір қосымша дәлелдемелерді зерттегенде. Басқа жағдайларда сотталушының қатысу қажеттілігі бар-жоғын апелляциялық орган өзі шешеді", - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
13.05.2026
23:19
Алматы ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды
13.05.2026
22:34
“27 жастан асқандарды әскери дайындыққа жіберед...
13.05.2026
21:37
БҚО-да ер адамды интим суреттерімен бопсалаған ...
13.05.2026
20:39
Оралда полиция қызметкері жас қызды зорлады дег...
13.05.2026
19:51
«Атажұртқа қош келдіңіз»: Ердоғанды Астанада ер...
13.05.2026
19:21
Қазақстанда құрбандықты енді онлайн шалуға болады