Бишімбаевтың туысы Байжанов түрмеден шығады: ол бүгін отбасына оралмақ
127
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шығады. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін Степногорск қалалық сотында Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қаралды.
Адвокаттың айтуынша, Байжанов Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық шарасы аясында босатылады.
«Бүгін түске дейін сот отырысы өтті. Түстен кейін сот қаулысы жазасын өтеп жатқан мекемеге жіберіледі. Осы құжаттың негізінде Бақытжан Байжанов дереу босатылуы тиіс. Бүгін ол отбасына оралады», – деді Ғазиз Ынтықбаев.
Қазіргі таңда Байжановтың жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына үш айдан сәл ғана астам уақыт қалған.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін оның жазасын өтеу мерзімі қысқартылған болатын.
Соңғы жаңалықтар
06.09.2026
17:17
Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын...
06.09.2026
16:22
Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан...
06.09.2026
15:18
Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе ж...
06.09.2026
14:14
Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында көлік ек...
06.09.2026
13:19
Путин Киевке соққы беруді тоқтатты: Мәскеудегі ...
06.09.2026
12:27
Алматыда дүкендегі жанжал төбелеске ұласып, ер ...