Біздің кезде мешітте неке қию деген болмаған – Қыдырәлі мен Қарақат

Біздің кезде мешітте неке қию деген болмаған – Қыдырәлі мен Қарақат
21.08.2025 17:08
0
814

Танымал әнші Қарақат Әбілдина осыдан 20 жыл бұрын тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Дәл осы 20 тамыз күні ақ некеміз қиылып, жаңа өмірге қадам басқан едік.
Инстаграм болмаған шақта да бұл күн елеусіз қалған емес, жыл сайын шүкіршілікпен еске аламыз.

Былтыр күміс тойымызды атап өттік білесіздер. Тойдың ерекше сәті алғаш некемізді қиып, батасын берген Лесбек қажының ширек ғасырдан кейін бақыт тойымыздың тағы да куәсі болып, ортамызда болғаны еді.

Біз үшін үлкен қуаныш, терең мәні бар сәт. Міне, сол алғашқы сәт пен былтырғы күміс тойымыздан шағын естелік видеосын бөлісіп отырмын. Қарап отырып, бір сәтке, сол жылдарға қайта оралғандай болдым. Әр шаңырақ мешітте Алланың разылығы үшін ақ некемен басталуы тиіс. Бірақ біздің заманда мешітте неке қию деген үрдіс болмаған. Біз алғаш бастаған сол ізгі жолдың кейін қалыпты дәстүрге айналғанын көру өз алдына бір қуаныш”, – деп жазды әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий