Боксшы Шынәлиевті "шырылдатқан" Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі болып шықты

09.02.2026 16:41 Мөлдір Талғат
Боксшы Шынәлиевті
425
Фото: ашық дереккөз

Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев өзіне жасалған қастандық туралы айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның басына тапанша тақап қорқытқан адамдардың кім екені белгілі болды. Боксшы бұл оқиғаның Түркияда болғанын айтып, көпшілікке үндеу жасаған еді.

Еркебұлан Шынәлиевтің айтуынша, Нұржан Иманәлиев пен Шыңғыс Мұқашев бұл әрекеттерге Түркиядан саяси баспана алу мақсатында барған болуы мүмкін. Ол Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен бұл іске заң аясында баға беруді сұрады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Нұржан Иманәлиев «Нойс» лақап атымен белгілі. Ол Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) оң қолы әрі серіктестерінің бірі болған. Қазіргі уақытта Түркияда тұрады.
Иманәлиев сондай-ақ ақын, бүгінде коуч ретінде түрлі курстар сатумен айналысып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның екінші күйеуі екені айтылады.

Айта кетейік, Нұржан Иманәлиев әлеуметтік желіде боксшының үндеуіне жауап ретінде жазба қалдырған.

Қазір сен көмектескен адам өзгелерге сені жаман адам деп айтып жүр, – деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий