«Бос әңгімеге». Аша Матай күйеуі Арман Қоңырмен арақатынасына қатысты алғаш рет үн қатты

13.10.2026 • 12:43 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бос әңгімеге». Аша Матай күйеуі Арман Қоңырмен арақатынасына қатысты алғаш рет үн қатты
83
Фото: instagram.com/asha_matai

Танымал тележүргізуші әрі әнші Аша Матай әлеуметтік желіде жазба жариялап, жұбайы Арман Қоңырмен арасындағы қарым-қатынасқа қатысты тараған қауесеттерге алғаш рет жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі көпшілікті өзгенің отбасын талқылауды доғарып, уақытты бағалауға шақырды.

«Өмір — бір сәт. Сондықтан бос әңгімеге, біреуді сынауға, өзгенің өмірін талқылауға уақыт жоғалтпайық. “Адамның күні — адаммен”. Бір-бірімізге жақсы сөз айтып, қолдау көрсетіп, сыйластықпен қарайық. Әр күнімізді бағалап, айналамызға жақсылық сыйлап жүрейік!» деп жазды ол.

Тележүргізушінің бұл пікірі желідегі негізсіз алыпқашпа әңгімелерді мәнсіз санап, арандатушылыққа бой алдырмайтынын аңғартты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий