Жаназа кезінде 15 жастағы қыз тіріліп кетті
281
Гватемалада туған-туыстары жиналып, қоштасу рәсімін өткізіп жатқан сәтте табытта жатқан 15 жастағы қыз тіріліп кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәліметке сәйкес, медициналық орталыққа барар жолда Юлейди есімді жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлаған. Оның тынысы мен тамыр соғысын өзі тексерген әкесі қызын көз жұмды деп топшылаған. Салдарынан отбасы оны дәрігерлерге көрсетпей, тіпті қайтыс болғаны туралы ресми құжат та алмастан, үйінде бірден қоштасу рәсімін ұйымдастырған.
Алайда жаназа кезінде анасы табыттың кенеттен қозғалғанын байқап қалған. Туыстары дереу табытты ашып, есін жиған жасөспірімді сыртқа шығарып алды.
«Тірі қалғаным үшін Құдайға және ата-анама алғыс айтамын», — деді Юлейди.
Қазіргі уақытта қыз үйінде оңалып келеді. Ал жергілікті билік өкілдері аталған жайтқа байланысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
14:41
Жаркентте төбелес кезінде оқ атылды: атыс қаруы...
13.10.2026
14:29
«Бір сағаттың ішінде шашым ағарып кетті» - Касп...
13.10.2026
13:40
Жаназа кезінде 15 жастағы қыз тіріліп кетті
13.10.2026
13:11
Қазақстан білімге трлн бөлмек: мектептерде не ө...
13.10.2026
12:43
«Бос әңгімеге». Аша Матай күйеуі Арман Қоңырмен...
13.10.2026
12:39
Тоқаев елшілерді ауыстырды: кім тағайындалып, к...