Бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә ел күтпеген мәлімдеме жасады
TikTok желісінің жұлдызы Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 95 ән жазғанын айтты. Екі жарым жылдан соң бостандыққа шыққан ол жақында желідегі тыңдарманын жаңа туындыларымен қуантпақ.
Бұл жайында Мұрат Әбділдә Qogam Dauysy жобасына берген сұқбатында айтты. Ол абақтыға жатуының да өзіндік пайдасы болды деп есептейді.
"Мұның да қайыры бар деп ойлаймын. Барлығы біледі, мен ішетінмін. Ал түзету мекемесінде арақ-шарап жоқ. Сондықтан екі жарым жыл қаным таза болды, ішкен жоқпын. Бостандыққа шыққан соң да өзіме деген сенімділік пайда болды, ішкен жоқпын. Алланың қайырлы бір ісі сол болды. Екіншісі, бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі сазгермін. Қазақ елі менің сазгер екенімді біледі, 22 әнімің біреуі өзімдікі. Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес, қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер болады. Сөзін де өзім жаздым. Қыркүйек айының соңында "Маған ұнайсың" деген керемет әнімді сіздерге ұсынамын", - деді Мұрат Әбділдә.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...