Бүгін 45 градусқа дейін аяз болады

18.01.2026 10:04 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Бүгін 45 градусқа дейін аяз болады
0
67
istock

Синоптиктер 18 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен қатал қыс орнап, кей өңірлерде рекордтық төмен температура тіркелмек, деп хабарлайды Politico.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алдағы түн еліміздің шығысы мен солтүстігі үшін өте суық болмақ. Антициклонның ықпалымен термометр бағаналары шектік деңгейге дейін төмендейді:

Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -45°C өте күшті аяз болады.

Павлодар және Абай облыстарының солтүстік бөліктерінде түнде -40°C сарышұнақ аяз күтіледі.

Қарағанды облысының батысы мен шығысында үскірік аяз -35°C дейін жетеді.

Алматы және Жетісу облыстарында да қыс қаһары сезіледі. Түнде термометр -25-28°C көрсетеді деп болжануда.

Елдің батысы мен оңтүстігінде жағдай мүлдем басқаша. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі:

Оңтүстік Қазақстанда қалың қар мен жаңбыр жауып, жауын-шашын мөлшері нормадан тыс болуы мүмкін.

Солтүстік-батыста қар жауып, жаяу боран соғады деп болжануда.

Жалпы республика бойынша көптеген аймақта тұман түсіп, жолдарда көктайғақболады және жел күшейеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий