Бүгін әлемде ең мейірімді мереке аталып өтуде

05.12.2025 15:58 Арман Ермеков
Бүгін әлемде ең мейірімді мереке аталып өтуде
0
140
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін елімізде және әлемде ізгілік пен мейірімнің мерекесі – Халықаралық волонтерлер күні аталып өтуде. Осыған орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барша қазақстандық еріктілерді айтулы күнмен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Вице-премьер өз сөзінде волонтерлік қозғалыстың бүгінде қоғамның ажырамас бөлшегіне айналғанын атап өтті.

– Құрметті волонтерлер! Құрметті достар!
 
Сіздерді Халықаралық волонтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі кезде волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сіздер мәдениет пен білім, экология мен медицина, әлеуметтік қолдау мен қайырымдылық салаларының дамуына үлес қосып келесіздер. 

Кейінгі жылдары Қазақстанда волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, ол әрқашан мемлекеттік саясаттың назарында.
Дәл бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы Штаб-пәтерінде Орнықты даму жолындағы Халықаралық волонтерлер жылы ресми бастауын алады.

Аталған жылды жариялау туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқанын мақтан тұтамыз.

Қазақстан үшін Халықаралық жыл орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерлердің рөліне баса назар аудара отырып «Бірге – тұрақты болашақ үшін!» ұранымен жақсылық пен бірліктің жалпыхалықтық мерекесіне айналады.

Атаулы жыл жаһандық серіктестік рухында жаңа мүмкіндіктер ашатынына және миллиондаған адамдарды тұрақты, әділ және бейбіт әлем құрудың ортақ ісіне қатысуға шабыттандыратынына сенімдіміз.

Құрметті волонтерлер!

Мемлекет сіздердің белсенділігіңізді, азаматтық ұстанымыңыз бен жасампаз істеріңізді жоғары бағалайды. Біз волонтерлік бастамаларды одан әрі қолдаймыз және даму үшін мүмкіндіктерді арттырамыз.

Барлық волонтерлерге еліміздің дамуына қосқан үлесі, табандылығы, мейірімділігі мен өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің игі істеріңіз әрқашан құрмет пен қолдау тауып, адамдарға қуаныш пен шаттық әкелсін. 

Сіздерге зор денсаулық, амандық, күш-қуат және қоғамға қызмет ету жолында табыс тілеймін!, – деп жазды Аида Балаева.

Еске сала кетейік, Аида Балаева күні кеше ғана жаңа жауапты қызметке кіріскен болатын. 1 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий