Бурабайда қызметкердің қаңғыбас иттерге атқан оғы адамға тиіп кеткен

Бурабайда қызметкердің қаңғыбас иттерге атқан оғы адамға тиіп кеткен
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы Бурабай ауданында қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы әріптесіне тиіп кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Бурабай ауданында кәсіпорындардың бірінің қызметкері абайсызда әріптесін жаралаған. Оқ оның аяғына тиген. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы тұрақты. Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.

Ал Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ полицейлер қолданылған қаруды тексеріп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу