Дәптер мұқабасындағы жазулар желіде үлкен дау тудырды
307
Әлеуметтік желіде мектеп дәптерлерінің мұқабасындағы абыржытарлық қысқартулар қазақстандықтардың наразылығын тудырып, қызу талқылануда, деп хабарлайды Politico.kz.
Көпшіліктің сынына Qazaq Brand компаниясы шығарған дәптерлер ілікті. Өнім мұқабаларында "ШШС", "СГЛ" және "ЗБ" деген ірі жазулар орналастырылған. Қолданушылар бұл аббревиатуралардың Бейпіл сөздерді еске түсіретінін айтып, мұндай дизайнның оқушыларға мүлдем арналмағанын алға тартты.
Дауға қатысты жауап берген өндіруші бұл сөздердің астарында "Шыда, шырағым, сынақ қой", "Сен грантқа лайықсың" және "Зайырлы білім" деген өнегелі сөз тіркестері жатқанын түсіндірді.
Алайда бұл уәж халықтың көңілінен шықпады. Желі қолданушылары жағымсыз ассоциация тудыратын өнімді жауапсыздық деп бағалап, даулы дәптерлерді сатылымнан дереу алып тастауды және компанияны жауапқа тартуды талап етіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...