«Дариға жүрек» әні Назарбаевтың қызына арналған ба: сазгер бар шындықты жайып салды

18.06.2026 11:02 Әсел МҰРАТ
«Дариға жүрек» әні Назарбаевтың қызына арналған ба: сазгер бар шындықты жайып салды
260
Фото: ашық дереккөз

Әнші Медеу Арынбаевтың орындауындағы «Дариға жүрек» әнінің шығу тарихы қайтадан талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Сазгер Бауыржан Есбаев «ТАУ АДАМ» подкастындағы жаңа сұхбатында көп жылдан бері айтылып жүрген бұл сауалға жауап берді. 

Оның айтуынша, туынды 2004 жылы Дариға Назарбаеваның туған күніне орай жазылған.

«Осы «Дариға жүрек» әні кімге арналған деген халық арасында қызығушылық жүр. Оның нүктесіне қою керек шығар. Ұмытпасам шамамен 2004 жылы «Хабар» агенттігінің сол кездегі төрайымы Дариға Назарбаева болджы. Сол кісінің туған күні жақындап қалған кезден бастап кішкене ойланып жүрдім. Туған күн жақындай берді. Содан кейін осы «Дариға жүрек» әнінің әнін жазып, «Хабар» агенттігіне ұсындым. Бұл әнді Ринат Гайсиннің өңдеуінде Медеу Арынбаев орындасын деп шешті. Сонымен «Дариға жүрек» әні дүниеге келді. Иә, жасырмаймын, бұл ән Дариға Назарбаеваға арналған», - деді Бауыржан Есебаев.

Кейін әнді Медеу Арынбаев орындап, ол қазақ эстрадасындағы ең танымал хиттердің біріне айналды.

Войдите, чтобы оставить комментарий