Дастан Сәтбаев мемлекеттен сыйлық алды
915
17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Хаттамаға сәйкес, мемлекеттік сыйлық табысты ғылыми жұмысы, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін берілді.
Спорт саласында наградталғандар:
- Сатпаев Дастан Талғатұлы, қазақстандық футболшы, "Қайрат" клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы;
- Абикеева Аида Нұрланқызы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының нұсқаушы-спортшысы.
Дастан Сәтбаев 2008 жылы 12 тамызда дүниеге келген. Футболдағы мансабын 2024 жылы "Қайрат-Жастар" клубы сапында бастаған. 2025 жылдың ақпан айында "Қайрат" Дастан Сәтбаевты ағылшын Премьер-Лигасының "Челси" клубына 4 миллион евроға ауыстыруға келісім беретіндігін жариялады. Ол аталған клуб қатарына 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толғанда қосылуы керек.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
22:05
Оралда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен ...
12.10.2026
20:26
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы ...
12.10.2026
19:27
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі және Кор...
12.10.2026
18:05
Қазақстан Президенті мен Бельгия Королі БАҚ өкі...
12.10.2026
17:53
«Жаман жарнама болмайды»: Қазақстан елшісі «Бор...
12.10.2026
17:01
Түркияда туристік автобус эвакуатормен соқтығыс...