Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі және Королевасы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

12.10.2026 • 19:27 Қанат АЙБАР
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі және Королевасы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
69

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филипп және Королева Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәртебелі меймандар дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға кешенді көмек көрсету ісінің ұйымдастырылу барысын көрді.

Орталық өкілдері мәртебелі қонақтарға медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеудің озық әдістемелері туралы баяндады. Бұл бағдарламалар ерекше қажеттіліктері бар балалардың қарым-қатынас дағдыларын, танымдық қабілеттерін және дербестігін дамытуға бағытталған.

Қалпына келтірудің жеке бағдарламаларында роботтандырылған оңалту технологиялары да белсенді қолданылады. Меккеме жұмысында балаларды әлеуметке интеграциялауға және олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасауға баса мән беріледі.

Сапар барысында Король Филипп пен Королева Матильда орталықта емделіп жатқан балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты. Кезесу соңында құрметті меймандар Естелік кітапшасына жүрекжарды лебіздерін қалдырды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы күрделі психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, сөйлеу, когнитивті және мінез-құлық ауытқулары, соның ішінде балалардың церебралды сал ауруы (БЦП) мен аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға кешенді көмек көрсетеді.

Жыл сайын мұнда Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 5 мыңнан астам пациент оңалту қызметін алады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий