Демеу Жадраевқа, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа грант берілді
421
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлеріне тегін грант берді.
Айта кетері, Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен жеті медальдің бесеуін академия түлектері иеленген. Осыған байланысты оқу орны Олимпиада жүлдегерлерін 1-курс студенттерімен кездесуге шақырған.
«Бұл - білім ордасы үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш. Сондықтан Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев секілді спортшылардың есімдері енді білім ордасының Олимпиада жүлдегерлері стенд тақтасына алтын әріппен жазылады. Ел мақтанышына айналған спортшыларымыз оқуға енді қабылданған 1-курс студенттері мен өзге де ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтып, үлкен мотивация берді», - деп жазды академия өз парақшасында.
Ал Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыстаған.
«Практика жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал артымыздан ерген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар»,- деді Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен Демеу Жадраев «күміс», спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов «күміс», ал Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан «қола» медаль жеңіп алды.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
23:29
Ақберен Елгезек: Билік адамның жүрегін қарайтады
22.07.2026
23:21
АҚШ-тың Иранмен соғысуға ақшасы жетпей жатыр: П...
22.07.2026
22:30
Қарағандыда зейнеткерге күндізгі уақытта шабуыл...
22.07.2026
22:07
Ерлі-зайыпты балгердің арқасында 926 млн теңге ...
22.07.2026
21:56
Несие жабу үшін сәбиін сатпақ болған ерлі-зайып...
22.07.2026
21:47
"Қаланы жезөкшелерден тазартамыз". Алматыда жын...