«Депутаттық мандат үшін қызметімен қоштасты»: Тоқаев бірнеше шенеунікті орнынан алып тастады

«Депутаттық мандат үшін қызметімен қоштасты»: Тоқаев бірнеше шенеунікті орнынан алып тастады
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутат атанған жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметтен алды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Мемлекет басшысының жарлығымен: 

  • Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан;
  • Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан 
  • Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан 
  • Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, қызметінен босатылған аталған жоғары лауазымды шенеуніктердің барлығы «Әділет» партиясы атынан Құрылтай депутаттығына өткен болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу