Димаш Құдайбергеннің қарындасы үйлену тойынан әсерлі суреттермен бөлісті

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан алғаш рет өз тойынан ресми суреттер жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тойдан бірнеше апта өткен соң, 24 жастағы Раушан жолдасы, актер Ермахан Аймаханмен бірге түсірілген фотосуретттерін көпшілікке көрсетті.
Бұған дейін Раушан ұлттық киімдегі суреттерін жарияласа, бұл жолы еуропалық үлгідегі фотосессиямен бөлісті.
Қалыңдық ұзын жеңді, шілтерлі және жамылғысы бар талғампаз көйлек киген. Ал күйеу жігіт классикалық, ашық түсті костюм таңдаған.
Түсірілім ерекше жылы әрі романтикалық атмосферада өткені байқалады: кадрларда жас жұбайлар қол ұстасып, бір-біріне деген ыстық сезімдерін паш еткен. Бір суретте Ермахан сүйіктісінің маңдайынан сүйіп тұрған сәті бейнеленген.
«Мәңгілікке бірге», – деп жазды постта Раушан Құдайберген.
Соңғы жаңалықтар





