Динара Сәтжан жаңа күйеуімен бірге салған зәулім сарайын көрсетті (ВИДЕО)

20.10.2025 11:03 Нақыпбек Фатима
Динара Сәтжан жаңа күйеуімен бірге салған зәулім сарайын көрсетті (ВИДЕО)
482
Видеодан скриншот

Белгілі журналист және тележүргізуші Динара Сәтжан кәспкер жолдасы Жұмабек Жанықұловпен бірге достарын өздерінің жаңа үйіне қонаққа шақырды. деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қонақтар арасында Тұрсын мен Баян Алагөзовтер, сондай-ақ Айда Кауменова болды. Қоныс иелері оларға үйді аралатып, барлық бөлмелерін көрсетті.

43 жастағы журналист Instagram парақшасында кадрлармен бөлісті.

«Достар – нағыз байлық! Ал жаныңда ақылды, парасатты, қызықты адамдардың болғаны – ең үлкен бақыт. Себебі ондай адамдармен бірге өсесің, күлесің, ең бастысы – өзің болып қала аласың!» – деп жазды Сәтжан Instagram парақшасында. 

Сондай-ақ ол қонақтарды қарсы алуға мұқият дайындалғанын көрсетті.

Оқырмандар Сәтжан мен оның жұбайына бақыт тілеп, видеомен бөліскені үшін алғыс айтты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий