Доместоспен үй жинаған алматылық қыз өлім аузынан қалды

21.08.2026 16:37 Әсел МҰРАТ
Доместоспен үй жинаған алматылық қыз өлім аузынан қалды
256
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматылық 25 жастағы Кристина үй жинау кезінде «Доместос» қолданып, уланып қалған. Душ кабинасын тазалап жатқанда оның жағдайы күрт нашарлап, қыз есінен танып, кейін жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Politico.kz.

Mash Telegram-арнасының жазуынша, Кристина душ кабинасына тазартқыш гель жағып, кірді губкамен сүрте бастаған. Арада 7-10 минут өткенде көзі ашып, тынысы тарылып, басы айналған. Көп ұзамай жүрек соғысы жиілеп, қолдары суып кеткен. Артынша қыз есінен танып қалған.

Жақын маңда тұратын дәрігер жедел жәрдем келгенше оған алғашқы көмек көрсеткен. Алайда фельдшерлер келгеннен кейін Кристина ауруханаға барудан бас тартқан. Біраз уақыттан соң жағдайы қайта нашарлап, оны ауруханаға жеткізуге тура келген.

Ауруханада дәрігерлер оған көктамыр арқылы дәрі енгізіп, оттегі берген. Емнен кейін Кристинаның жағдайы жақсарып, мамандар улану диагнозын қойған.

Доместос құрамындағы негізгі белсенді зат — натрий гипохлориді. Оны дұрыс қолданбау немесе шамадан тыс мөлшерде пайдалану көзді және тыныс алу жолдарын қатты тітіркендіруі мүмкін. Ауыр жағдайда бұл тыныс алудың қиындауына, құрысуға және өкпе ісінуіне әкелуі ықтимал.

Мамандар құрамында хлор бар тазартқыш құралдарды қолданғанда бөлмені міндетті түрде желдетіп, қолғап киіп, өнімнің нұсқаулығын қатаң сақтауға кеңес береді.

Войдите, чтобы оставить комментарий