Дональд Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді: Ормуз бұғазы ашылмаса не болады?
1664
АҚШ Иранға Ормуз бұғазы бойынша ультиматум қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат мерзім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Трамптың айтуынша, егер аталған мерзім ішінде бұғаз арқылы кеме қатынасы толық әрі қауіпсіз түрде қалпына келтірілмесе, АҚШ қарулы күштері Иран аумағындағы бірқатар нысандарға соққы беруі мүмкін.
— Егер Иран Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз етпесе, АҚШ ең ірі электр станцияларынан бастап бірнеше нысанаға соққы жасайды, — деді ол.
Сондай-ақ бұған дейін АҚШ әкімшілігі Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық коалиция құруды жоспарлап отырғаны хабарланған.
Қазіргі уақытта аймақтағы жағдай шиеленісіп тұр. Сарапшылар бұл жағдай әлемдік мұнай нарығына және халықаралық қауіпсіздікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін айтуда.
Соңғы жаңалықтар
17.08.2026
23:59
Ұлттық банк Жаңа Конституцияға арналған коллекц...
17.08.2026
22:13
АҚШ Мемдепартаментінің тізімі: Қазақстан Франци...
17.08.2026
21:32
Атырау халықаралық әуежайы Бакуден алғашқы рейс...
17.08.2026
21:05
Шиповских: Мен тойда брейк билеп, дәретхана қаз...
17.08.2026
20:31
Ақтауда Әскери-теңіз туының алғаш көтерілгеніне...
17.08.2026
20:13
"Жар таңдаудан жаңылды". Ұлдананың анасы экс-кү...