Дональд Трамп қатысқан шарада атыс болды: Күдікті ұсталды

26.04.2026 10:30 Қарақат АСЫЛОВА
Дональд Трамп қатысқан шарада атыс болды: Күдікті ұсталды
287
Видеодан кадр
Вашингтондағы кешкі ас кезінде қарулы шабуыл тоқтатылды

АҚШ-та өткен Ақ үй тілшілер қауымдастығының дәстүрлі кешкі асы кезінде күтпеген оқиға тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

Дональд Трамп қатысқан шара барысында белгісіз адам оқ атып, қауіпсіздік қызметін дабылға көтерді. Алдын ала ақпарат бойынша, атыс салдарынан қонақтар арасында зардап шеккендер жоқ. Дегенмен куәгерлер бірнеше мәрте шамамен 5-8 рет оқ атылған дыбыстарды естігенін айтқан. Оқиға Washington Hilton қонақүйінде өткен банкет кезінде болған. Сол сәтте залда жүздеген журналист, саясаткерлер мен танымал тұлғалар жиналған.

Қауіпсіздік қызметі жедел әрекет етіп, барлық қатысушыларды дереу эвакуациялады. Президенттің айтуынша, қарулы адам кіреберістегі бақылау бекетіне ұмтылған, алайда негізгі залға өте алмаған.

United States Secret Service қызметкерлері күдіктіні қысқа уақыт ішінде залалсыздандырған. Оқиға барысында бір офицерге жақын қашықтықтан оқ атылғанымен, оның өмірін оқ өтпейтін кеудеше сақтап қалған. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсы екені хабарланды.

Трамп құқық қорғау органдарының әрекетін жоғары бағалап, олардың кәсіби әрі жылдам жұмыс істегенін атап өтті. Осы жағдайға байланысты кешкі ас кейінге шегерілді.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий