Дрондардан кейін КҚК терминалында не болды? Маңызды ақпарат жарияланды
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы дрондарға байланысты уақытша тоқтатылған тексерістен кейін қайтадан қалыпты жұмыс режиміне оралды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді.8 қыркүйекте теңіз терминалы маңында дрондарға қатысты инцидент болған. Осыған байланысты мамандар КҚК-ның ВПУ-2 және ВПУ-3 шығару құрылғыларындағы мұнай тиеу операцияларын уақытша тоқтатқан.
Оқиғадан кейін мамандар терминалдағы жүк жүйелерінің жағдайын және танкерлердің қауіпсіздігін тексерді. Тексеру нәтижесінде жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін ақаулар анықталмаған.
Сондай-ақ қоршаған ортаға ешқандай зиян келмегені хабарланды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, оқиға кезінде Қазақстандық мұнай жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу қойылмаған. Қазір КҚК терминалындағы барлық операция штаттық режимде жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...