«Дуалап алды»: Абай Асылхан өзінен 8 жас үлкен әйелге қалай үйленгенін айтты
938
Актриса Жанель Мақажанның жұбайы Абай Асылхан тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Абайдың айтуынша, ол Жанельмен алғаш танысқанда оның бұрын тұрмыста болғанын және екі баласы бар екенін білген.
«Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды», – дейді ол.
Актердің сөзінше, сүйіктісіне үйлену туралы шешім қабылдаған кезде ата-анасы бұған қарсы болған. Олар жас айырмашылығын, әйелдің екі баласы барын және қоғамның теріс пікірін алға тартқан.
«Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. “Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің”, деген сөздер көп айтылды», – дейді Абай Асылхан.
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...