Дубайдағы Иран зымыраны түскен үйде қазақтардың 96 пәтері бар ма?
Дубайда Иран зымыраны түсті делінген атақты Fairmont The Palm резиденциясында қазақстандықтар тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы журналист Манас Қайыртай жазды.
Журналистің мәліметінше, аталған резиденцияда қазақстандықтарға тиесілі ондаған пәтер бар. Оның айтуынша, ғимараттың бір бөлігі қонақүй ретінде жұмыс істесе, қалған екі блогы тұрғын үй кешені саналады.
«C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегі бойынша бұл резиденциядан қазақстандықтар 97 пәтер алған. Олардың кейбірі бұрын билікте лауазымды қызмет атқарғандардың туыстары», – дейді журналист.
Манас Қайыртай сондай-ақ Fairmont The Palm резиденциясынан пәтер алған қазақстандықтардың тізімін жариялағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Дубайдағы аталған кешен аумағына зымыран түскені туралы ақпарат тараған еді. Ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...