«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына қатысты мәлімдеме жасады
Желіде біраз уақыт көрінбей кеткен блогер Қайсар Қамза видео жариялап, өзіне қатысты тараған ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол өзін ешкімнің ұстамағанын және қамауға алынбағанын айтты. Қазіргі уақытта Вьетнамда жүргенін жеткізген блогер тек көші-қон рәсімдеріне байланысты паспорты уақытша алынғанын хабарлады. Сондай-ақ ол жағдайға түсіністікпен қарауды сұрап, жақындарына қолдау көрсетуін өтінген.
«Қалайсыздар? Көп көрінбей кеттім. Жақында Қазақстанға барып қалам. Вьетнамдамын. Экстрадициялық мәселелерге байланысты соттар болып жатыр. Барлығы тыныш, тек паспортты алып қойды. Жақсы болып кетсін деп тілеңіздер, дұғада болыңыздар», – деп айтты ол.
Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қайсар Қамзаның Вьетнамда ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан болатын.
Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казино жарнамаларын жүйелі түрде жариялап, азаматтарды құмар ойындарға тартқан. Тергеу барысында оның осы әрекеттер арқылы 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны анықталған.
Соңғы жаңалықтар