"Екі кроссовкиі екі жақта жатыр": Ақмолада жоғалған Жандәулет туралы тың дерек шықты

06.05.2025 11:06
0
669
Ақмола облыстық ПД

Ақмола облысы, Қорғалжың ауылында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған Жандәулет Қалмырзаны іздеу жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

КТК арнасының мәліметінше, баланың үйінен кешкі уақытта шығып, қайта оралмағанын оның жақындары хабарлады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Жандәулет соңғы рет достарымен бірге Нұра өзенінің жағасында ойнап жүрген.

Lider.KZ еріктілер ұйымының өкілі Айзада Жүсіпова баланың тек екі аяқ киімі табылғанын мәлімдеді. Бір аяқ киім өзен жағасынан, ал екіншісі сол аумақтан шамамен алты шақырым қашықтықтан табылған. Бұл деректер іздеу ауқымын кеңейту қажеттігін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта өзен бойына арнайы торлар ілініп, су асты мен жағалаулар мұқият тексеріліп жатыр.

Жандәулеттің досының айтуынша, ол кенеттен суға түсіп кеткен. Бұл ақпарат негізінде құтқарушылар суды және маңайдағы жерді толықтай қарап шығып, арнайы техникалар мен иттерді де іске қосты. Алайда әзірге нақты нәтиже жоқ. Қоғам бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр, ал туыстары мен еріктілер Жандәулеттің аман-есен табылуына үміттеніп отыр. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий