Экс-депутат 200 млн теңге жымқыру ісіне қатысы бар шенеуніктің қызметін жалғастырып жүргеніне наразы

БҰРЫНҒЫ ДЕПУТАТ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 200 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРУ ІСІНЕ ҚАТЫСЫ БАР ШЕНЕУНІКТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖҮРГЕНІНЕ НАРАЗЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.
Абай облыстық мәслихатының экс-депутаты Серік Байғалиев Абай облысының прокуроры мен ҰҚКД басшылығына арнайы өтініш жолдады. Онда бұрынғы шенеунік Сұлтанова Айнұр басқарған мекемеде 200 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының ұрланғанына қарамастан, оның қалайша әлі де жұмысын жалғастырып жатырғанына таңданысын білдірген.
«Бұған дейін Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісінде «Абай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 200 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық іс болған. Аталған басқарманы Сұлтанова Айнұр Ораловна басқарған», — делінген экс-депутаттың өтінішінде.
Қазіргі уақытта Сұлтанова Айнұр - Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқаруда.
2022-2024 жылдары Абай облысы, Семей қаласы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Соңғы жаңалықтар





