Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды

01.10.2026 • 12:10 Әсел МҰРАТ
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
331
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның орнықтылық қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы KASE хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Politico.kz.

Тиісті шешім 2026 жылғы 23 қыркүйекте қабылданған.

Ерұлан Жамаубаев 2020-2021 жылдары Қаржы министрлігін басқарды. Ал 2022-2024 жылдары премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі қызметін атқарды. 2025 жылдан бері ол Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді.

Өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның орнықтылық қоры директорлар кеңесінің құрамында қазір төрт адам бар. Олар – Ерұлан Жамаубаев, қор басқармасының төрағасы Ерболат Оспанов, сондай-ақ тәуелсіз директорлар Джованни Капаннелли мен Айдархан Құсайынов. 

Айта кетейік, Жамаубаев Қазақстанның орнықтылық қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметін 2025 жылдың наурыз айынан бері атқарып келген. Қордың хабарламасында 2026 жылы 23 қыркүйектегі жаңа шешімнің себебі көрсетілмеген. 

Қазақстанның орнықтылық қоры 2017 жылы Ұлттық банктің шешімімен банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының операторы ретінде құрылған. Бағдарлама аясында қор банктерге қаржылай қолдау көрсетеді.

Қазір Қазақстанның орнықтылық қоры реттеушінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларын іске асырып, экономиканың дамуына қолдау көрсетіп келеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий