Ел спортшылары Жапонияда конькимен жүгіруден екі алтын еншіледі
312
Наганода (Жапония) өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, екі алтын жеңіп алды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, сайыстың алғашқы күнінде 500 және 1500 метр қашықтықтарда жарыстар өтті. Біздің елдің спортшылары бұл жарыстарда тек В дивизионында өнер көрсетті.
Әйелдер арасында 500 метр қашықтықта Кристина Силаева бірінші орынды жеңіп алды. Инесса Шумекова 15-орынға, Маргарита Галиева 18-орынға, ал Дарья Важенина 20-орынға ие болды.
Ерлер арасында Евгений Кошкин төртінші нәтиже көрсетсе, Алтай Жәрдембекұлы 11-ші, Никита Важенин 20-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, 1500 метр қашықтықта әйелдер арасында Надежда Морозова үздік нәтиже көрсетті. Кристина Шумекова 15-орынға, ал Мария Деген 22-орынға ие болды. Ерлер арасындағы 1500 метрлік жарыста Нұралы Ақжол 29-орынға, Роман Биназаров 31-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, А дивизионындағы медальдар ғана есептеледі.
Фото: ҰОК
Соңғы жаңалықтар
24.07.2026
15:00
«Бесінші әрекеттен кейін»: Дариға Бадықова сүйі...
24.07.2026
14:20
«Қазақмыс» 2,4 млрд теңгеге 80-нен астам өндірі...
24.07.2026
14:16
"Сонша ақшаға пустышка әшекей сатуыңыз дұрыс бо...
24.07.2026
13:48
Ұлытау облысы халық табысы бойынша көш бастаған...
24.07.2026
12:35
Түлкібаста екі жасар бүлдіршін дәретханаға құла...
24.07.2026
12:01
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті