Елге оралған Тамара Асар концерттерін қай қалалардан бастайтынын айтты
Қазақстандық әнші Тамара Асар шетелден оралып, алғашқы концерттерін қай өңірлерде өткізетінін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс білдіріп, денсаулығының жақсарып келе жатқанын жеткізді.
«Маған жолдап жазған ақ тілектеріңіз үшін көп рақмет! Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Шүкір Аллаға, аман-есен елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін, тек жақсылықтан үміттімін», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол өзін сағынған тыңдармандарының ұсынысымен алғашқы концерттерін батыс өңірлерден бастау жоспарда бар екенін айтты.
«Мені қатты сағынған көпшіліктің сұрауымен алғашқы концерттерімді, Алла қаласа, Ақтау, Жаңаөзен, Шетпеден бастауға ұсыныс алдым. Мен де сіздерді қатты сағындым…», – деді Тамара Асар.
Әншінің бұл жаңалығы тыңдармандарын қуантты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...